Қос дипломды білім беру бағдарламасы іске асуда

Пресс-служба     13 Jul,2019        
Шəкəрім университеті қос дипломды білім беру бағдарламасы арқылы әлемнің және Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындарымен берік байланыс орнатып келеді.
Бағдарлама студенттерге екі бірдей оқу орнының дипломын алуға мүмкіндік береді: оның бірі Шəкəрім университеті болса, енді бірі серіктес университеттікі.
Шəкəрім университетінде бүгін Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады. Университет “Орман ресурстары және орман шаруашылығы” және “Аңшылықтану және аңшылық” мамандықтарын ұсынады.
Қос дипломды білім беру бағдарламасына орындар саны шектеулі. Бағдарлама бойынша білім алған студенттерге оқу орнын тәмамдағаннан кейін Қазақстанда болмаса шет елде жұмыс жасауға үлкен мүмкіндік туады.