Қос университет арасындағы келісім шарт

Пресс-служба     18 Jun,2019        

18 маусым күні  Шәкәрім Университетi  Санкт-Петербург мемлекеттік Ветеринарлық Академиясымен академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту мақсатындағы келiсiм шартқа қол қойды.

Аграрлық факультетiнiң деканы Сейлгазина Сәуле Мункановна Санкт-Петербург қаласының мемлекеттiк Ветеринариялық Академиясы ректоры Стекольников Анатолий Александровичпен кездесті. Кездесу барысында  Бiлiм алушылар, докторанттар мен окытушылардың арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамытуды  қолға алатын болып уағдаласты.

Сонымен қатар аталған ветеринариялық Академияда тағылымдамадан өтiп жатқан «Ветеринариялық медицина» мамандығының докторанттарымен Академия ғалымдары Н.В.Зеленевский, А.Н. Токарев, А.В. Прусаков, факультет деканы Щипакин Михаил Валентиновичтің  қатысуымен семинар өткiзiп,алдағы уақытта Университетпен тығыз қарым-қатынас орнатуға сенiм бiлдiрдi.