«Костюм дизайны-Балалар киімі» номинациясын жеңіп алды

Пресс-служба     15 Apr,2019        

Шәкәрім университетінің инженерлік-технологиялық факультеттің студенттері М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өткен II Халықаралық студенттер арасындағы Сән фестивальі байқауында “Костюм дизайны-Балалар киімі ” номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. “Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы” кафедрасының аға оқытушысы Асем Нұрлыбекованың жетекшілігімен “Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы” мамандығының студенттері Қайратова Аяулым, Қайратқызы Меруерт, Кенесбекова Насихат, Егемберді Райханның жұмыстары 35 команда ішінде үздік деп танылды.