ҚР Тұңғыш Президенті қорының стипендиясына ие болды

Пресс-служба     25 Nov,2020        

Шәкәрім университетінің “Жылуэнергетика” білім беру бағдарламасының магистранты -Умыржан Темірлан ҚР Тұңғыш Президенті Қорының жыл сайын ұйымдастыратын студенттік степендиялар байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар қатарына енді. Конкурсқа барлығы 400-ге жуық өтінім беріліп, 80 білім алушы жеңімпаздар қатарына енді.

Жобаның мақсаты-жас ғалымдардың оқу, ғылыми және шығармашылық қызметін ынталандыру болып табылады.

Айта кетейік Темірлан, бакалавриат студенті болған кезде де аталмыш байқаудың жеңімпазы атанған еді, енді ол өзінің жетістігін екінші мәрте қайталап отыр.