“ҚҰЛ” трагедиясының премьерасы өтті

Пресс-служба     12 Dec,2019        

Шәкәрім шаңырағында “Қаракөз” драма театрының “ҚҰЛ” трагедиясының премьерасы өтті.
Бүгінгі қоғамның өзекті мәселесін қозғап, адамдарды парасаттылыққа шақырған қойылым көрерменнің жанарына жас ұялатты.
Қойылымның режиссері-Дариға-ай жастар театрының актері Әділжан Серікқалиұлы, Сценарийін жазған-университетіміздің түлегі-Айдын Тоқанов болды.
Салтанатты кеш Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған концерттен бастау алып, Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына арналған әдеби монтажбен жалғасын тапты.
Дулат Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің ұйымдастыруымен және осы орталықтың басшысы Айман Ақтановнаның жетекшілігімен өткен мерекелік кеште өнерлі жастардың тұсауы кесілді. Кәсіби актер болмаса да рөлін мүлтіксіз ойнап шыққан студенттер көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Айта кетейік, университетіміздің «Қаракөз» студенттер театры жас таланттардың бағын ашып, жаңа туындыларымен танылып жүрген жас театр.