“Куратор және топ” жарысы өтті

Пресс-служба     17 Feb,2020        

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультетінде волейболдан “Куратор және топ” атты жарыс өтті. Өзара тартысты бәсекеде кураторлар мен студенттерден құралған 10-ға жуық команда бақ сынасты.  Сайыс қорытындысы  бойынша құрылыс мамандығының студенттері 1 орынды, ақпараттық жүйелер командасы 2 орынды және факультет белсенділері 3 орынды иеленді.

Оқытушылар мен студенттер арасындағы қарым-қатынасты одан әрі жақсарту мақсатында өткен жарыс студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, жастарын бос уақытын тиіміді өткізуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, жастар волейболдан университет ішілік жарыс өткізсек деген ұсыныстарын да білдірді.