Куратор және топ

Пресс-служба     18 Apr,2019        

18 сәуір күні Шәкәрім университетінде тарих-педогогика факультетінің ұйымдастыруымен «Куратор және топ» атты спорттық сайыс өтті. Жастар жылы аясында ұйымдастырылып отырған сайыста 5 факультет 4 спорттық ойын түрлерінен бақ сынасты. Университетіміздің ең үздік спортты кураторы мен студентін анықтауға : Аграрлық факультет, Ақпараттық –  коммуникациялық теxнологиялар факультеті, Тариx-педагогика факультеті, Қазақ филологиясы факультеті мен Инженерлік – теxнологиялар факультеті, Экономика және құқық  факультеттері қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша –

Аграрлық факультеттің тобы сайыстың жеңімпазы атанып, кубоққа ие болды!

I-орын Ақпараттық – комуникациялық теxнологиялар факультеті!

II-орын Қазақ филологиясы факультеті!

III-орын Тариx-педагогика факультеті!

Сонымен қатар, номинацияларда : ең спортты куратор Турикпенова Айгүл Жұмановна мен ең спортты студент Армия Данияр атанды (Қазақ филологиясы факультеті), ең спортты студент Нургазина Дильназ (Тариx-педагогика факультеті) , ең көнілді топ –  Экономика және құқық факультеті, ең ұйымшыл топ – Инженерлік – теxнология факультеті атанды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!