Құттықтаймыз!

Пресс-служба     30 Dec,2019        

Құрметті Шәкәрім шаңырағы! Сіздерді жаңа  жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл – бірлік пен татулықтың мерекесі, тың ойлардың бастауы. Өткен жыл, университетіміз үшін жемісті, жеңісті жыл болды. Жаңа 2020 жыл да өз несібесімен келеді деген үміттеміз! Университет бүгін де өз дамуының жаңа сатысында. Ордамыздың жетіп жатқан жеңісіне әр қайсысыңыздың еңбегіңіз ерекше. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға береке-бірлік, зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілеймін! Жаңа Жылда елімізбен бірге жаңа табыстарға жете берейік! Еліміз аман жұртымыз тыныш, іргеміз берік болсын!