Құттықтаймыз!

Пресс-служба     14 Oct,2019        

Өнер және спорт факультеті, Дене шынықтыру және спорт мамандығының 2 курс студенті Имаханов Есентай Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

“Есентай бұл додаға үлкен дайындықпен келді. Бір ай бұрын қыркүйектің 13-15 күндері Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен Азия чемпионатында 60 келіде белдескен шәкіртім Алтын тұғырға көтерілген болатын. Бір ай ішінде екі бірдей додаға түсу әрине спортшы үшін қиынға соғар. Әлі жас, алдағы уақытта әлі де жұмыстар жасаймыз” дейді бапкері Имаханов Біржан.