ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Пресс-служба     06 Jan,2020        

2019 жылдың «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» аталымының иегерлері анықталды.  Шәкәрім университетінен осы аталымға техникалық ғылымдар кандидаты, қауымдастырылған профессор Мирашева Гүлмира Оразбекқызы, биология ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Молдабаева Жанар Қалибекқызы және техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қасымов Самат Қайратұлы, сондай-ақ экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Зейнуллина Айгүл Жұмағалиқызын ие болды.

Айта кетейік, конкурсқа республиканың 81 жоғары оқу орнынан 471 үміткер қатысты. Оның ішінде 48 жоғары оқу орнынан 200 адам “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” атағына ие болды. Бұл атақ жоғары оқу орындарының оқытушыларына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілікті арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Құттықтаймыз!