Кьюнгдонг университетінің студенттері Шəкəрім университетінде

Пресс-служба     13 Jul,2019        
Қандай да бір тілді үйренуге қызығушылық танытсаң да сол елдің азаматынан үйрену қызықтырақ болып көрінеді. Мұндай керемет мүмкіндік университетімізде өтіп жатқан халықаралық жазғы лагердің тəрбиеленушілеріне беріліп отыр.
Халықаралық факультет студенттерімен талапкерлеріне арналған лагерге Оңтүстік Кореяның Кьюнгдонг университетінің студенттері келді.
Меморандум аясында академиялық ұтқырлық пен алмасу бағдарламасы бойынша келген студенттер 2 апта көлемінде университетіміздің студенттерімен талапкерлеріне корей тілін, К-РОР өнерін жəне Таэквандо спортын тегін үйрететін болады.