Кьюнгдонг университетінің студенттерімен кездесті

Пресс-служба     19 Jul,2019        

«Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді» бұл мақалдың да өзіндік жаны бар. Қазақ халқы қонақжайлығымен әрдайым өзгелерден ерек тұратыны белгілі. Бүгін Шәкәрім шаңырағы сол қонақжайлықты тағы бір мәрте көрсете білді. Университет ректоры Мейір Ескендіров университетімізде өтіп жатқан халықаралық жазғы лагерге келген Кьюнгдонг университетінің студенттері және оқытушыларымен кездесіп, біраз әңгімелесті. Университет басшысымен кездесуге келген қонақтар алдымен «Рухани жаңғыру» орталығында болып, ондағы Елбасы кітаптарымен, ұлттық әшекей бұйымдармен танысты. «Қазақ халқының ұлттық бұйымдарын көзбен көріп, таңқалдық. Олар расымен де ерекше әсем екен», – дейді корей елінің студенттері.

Кездесуден кейін Кьюнгдонг университетінің студенттеріне жазғы лагерді жүргізуге атсалысқандары үшін алғыс хаттар табысталды. Студенттер де университет тарапына алғыстарын білдіріп, аз уақыт ішінде бауыр басып қалғандарын айтады.