Қызықты экскурсия

Пресс-служба     27 Feb,2020        

Мектеп бітіруші түлектер университет тынысымен танысты. Аграрлық факультетінде өткен «Ашық есік» күніне қаламыздың            №4,47,23,18,29, 26  жалпы орта білім беретін  мектептерінен және Бесқарағай ауданынан  оқушылар келді.

«Ашық есік» күні бағдарламасына орай, мектеп бітірушілеріне ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру мақсатында ғылыми дәрежелі мамандардың ашық дәрістері ұйымдастырылып, факультеттегі Start Up ғылыми жобасының жеңімпаздары өз ғылыми жұмыстарымен таныстырды.

100-ге жуық оқушы қатысқан шарада оқушыларға факультет бойынша экскурсия жасалып, түлектер «Aesculap» ветеринариялық клиникасы,  анатомиялық мұражайы  және  «Агротехнопарк»ғылыми орталық  кешендерімен танысты.

Оқушылар осы мамандыққа байланысты сұрақтарын қойып, болашақта қызмет саласындағы мүмкіндіктермен танысты.