Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі22 қаңтар 2025vizit

BETT SHOW - 2025: «БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» САЛАСЫНДАҒЫ ЖЫЛ КӨРМЕСІ

Ел тарихында алғашқы рет Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек бастаған қазақстандық делегация Bett Show  халықаралық көрмесінде Study in Kazakhstan ұлттық жоғары білім мүмкіндіктерін таныстыруда.

 

Bett Show білім беру саласындағы жоғары технологиялар мен компьютерлер көрмесі. Bett  миссисы – оқытушылар мен білім алушылардың өз әлеуетін жүзеге асыруы үшін адамдарды, идеяларды, тәжірибелерді және технологияларды біріктіру.

 

Көрмеде жасанды интеллект, виртуалды және толықтырылған шындық саласындағы озық әзірлемелер, сондай-ақ интерактивті білім беру материалдарын жасауға арналған платформалар ұсынылды. Олардың ішінде:


1. Acemate.ai — жасанды интеллект платформасы, ол дәстүрлі дәрістік материалдарды интерактивті білім беру контентіне айналдырады және студенттерге жеке AI-репетиторлық қызметін, жедел кері байланыс пен бейімделгіш бағалау жүйесін ұсынады.
2. Beyond Words — виртуалды шындық сценарийлері арқылы тіл үйренуге арналған қосымша.
3. EDUardo Business Simulation — студенттерге арналған бизнес-симулятор, ол жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы нақты бизнес үдерістерін модельдеу арқылы кәсіпкерлікті қауіпсіз ортада үйренуге мүмкіндік береді.
4. MITO Ltd — лондондық студия, иммерсивті білім беру орталарын және AI-аватарларды жасайды.
5. 3R Innovation, Inc. білім алушылардың психоэмоционалдық жағдайын бақылауға арналған технологияларды ұсынады. Компания өз әзірлемелерінде назар тапшылығы гиперактивтілік бұзылысы (ADHD), импульсивтілік және депрессияны бақылау үшін көз қозғалысын қадағалау, сенсорлық жүйелер мен жасанды интеллектті белсенді түрде пайдаланады.
6. 5G NUMULTIMEDIA Limited — 5G, жасанды интеллект және STEAM-білім беру арқылы дрондарды басқаруға маманданған EdTech-компаниясы. Бұл K-12 деңгейінде 5G арқылы дрондарды қашықтықтан басқаруды үйрететін әлемдегі жалғыз провайдер.
7. Boundless Learning 450-ден астам онлайн бағдарламаларды ұсынады, білім беру саласындағы кәсіби даму мен стратегиялық басқаруға назар аударады. Компания 150-ден астам елден 17 000-нан астам оқушымен жұмыс істейді.
8. C2C — білім беру баспаларына арналған платформа, K-12 деңгейіндегі оқу материалдарын әзірлеуге көмектеседі.
9. Enghouse Mediasite — жетекші видео басқару және дәрістерді жазу платформасы. Ол қашықтан және гибридті оқытуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ 360°-видеоны қолдайды және контентті AI-талдау қызметін ұсынады.


Ұсынылған шешімдер арасында жасанды интеллект, виртуалды шындық және интерактивті оқыту платформаларын қолданудағы инновациялар ерекше назар аудартады. Bett UK көрмесіне қатысу әлемдік тәжірибеден озық әдістерді үйренуге мүмкіндік берді, бұл университеттің инновацияларды енгізуге бағытталған стратегиялық бағытын нығайтуға септігін тигізеді.