Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі29 шілде 2024интервью

Мұхаммед Усама Шаһид, SHAKARIM UNIVERSITY-дің студенті: Қабылдау комиссиясында жұмыс істеп жүргеніме 2-ші жыл!

Қабылдау комиссиясында жұмыс істеуге оқу орнының оқутышылары ұсыныс тастаған болатын. Яғни, бізбен жұмыс істеуге қалай қарайсың деген пікірлер болды. Мен жазғы уақытта Қазақстанда қалатын болғандықтан әрине келістім.  Әрі компьютермен жұмыс істеуге бейім болғаным да септігін тигізді. Маған жұмыс істеген ұнады. Осымен екінші жыл жұмыс жасап жүрмін. Жұмыста жүріп, адамдармен қарым-қатынас жасауым маған қазақ тілін дамытуға көмектесті. Себебі, жұмыста талапкерлер мен олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасау керек болады, түсіндіру жұмыстары жүреді. Соның арқасында менің сөздік қорым толыға түсті!,- дейді жас маман.

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы