“Агротехнопарк” ҒО

Дербышев Камиль Юрьевич

Агротехнопарк ғылыми орталығының жетекшісі

Мекен-жайы: 071400 Қазақстан Республикасы, Семей қ, Шугаева көшесі 159, ғимарат 6Г каб 2.

 

 

Біз туралы  

Агротехнопарк ғылыми орталығы (Агротехнопарк ҒО) Шәкәрім университетінің ғылым департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Агротехнопарк ҒО құрамына: «Aesculap» ветеринарлық клинкасы, биологиялық және тағамдық қауіпсіздік зертханасы, клиникалық ветеринариялық зертхана, сүтті талдау зертханасы, топырақты талдау зертханасы, жануарларды жасанды ұрықтандыру зертханасы, жемшөп сапасын бағалау және ауыл шаруашылығы жануарларын нормаланған азықтандыру зертханасы, балық өсіру зертханасы кіреді.

 

Мақсаты:

– Агроөнеркәсіп кешеніне отандық инновациялық технологиялар мен жаңа ғылыми әзірлемелерді енгізу;

-Инновацияларды енгізу арқылы қолданыстағы агроөнеркәсіптік өндіріс технологияларын жаңғырту;Начало формы

Конец формы

-Озық шетелдік тәжірибені жинақтау және апробациялау;

– Қарапайым заттар экономикасының элементтерін қолдана отырып, пайда табуға және жабдықтарды пайдаланудан және университет бөлімшелерінің басқа мүмкіндіктерінен экономикалық пайда алуға жағдай жасау;

– Саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету;

– Аграрлық сектордағы барлық өндірістік процестерді механикаландыру және роботтандыру;

– Білім беру бағдарламаларын құруға және ілгерілетуге қатысу, мамандарды даярлау және қайта даярлау;

-Ғылыми семинарлар, мастер-кластар өткізу;

– ҚР БҒМ және ҚР АШМ гранттарын алу үшін ҒЗЖ жобаларын әзірлеу;

-Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындаудың интегративті функциясын жүзеге асыру.

Ғылым