AP13068020 "Шығыс Қазақстан облысының туристік және ерекше қорғалатын аумақтарына ГАЖ/ЖҚЗ технологияларын қолданып шекті жол берілген рекреациялық жүктемелерді анықтайтын әдістерді әзірлеу"
Жоба жетекшісі: Мукаев Жандос Толеубекович., PhD, - жоба жетекшісі ORCID ID - 0000-0003-0538-2645
Өзектілігі:
Жобаның негізгі идеясы ГАЖ/ЖҚЗ технологияларын қолдана отырып, туристік аумақтарда шекті жол берілген рекреациялық жүктемелерді анықтаудың жаңа әдістерін әзірлеу болып табылады. Туристік саланы дамытудың маңызды шарты табиғи немесе мәдени рекреациялық объектілердің болуы ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаның экологиялық жай-күйі, табиғи кешендердің рекреациялық әсерге тұрақтылығы болып табылады. Рекреациялық әсерден қорғаудың нәтижелі шараларының бірі рекреациялық жүктемелерді ретке келтіру болып табылады: шекті жол берілген рекреациялық жүктемелерді анықтау, туристік әрекетті белгілі бір маршруттар, демалыс аймақтары бойынша ұйымдастыру.
Мақсаты:
Шығыс Қазақстан облысында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және туризмді тұрақты дамыту үшін ГАЖ/ЖҚЗ технологияларын қолдана отырып, туристік және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында шекті жол берілген рекреациялық жүктемелерді айқындау әдістерін әзірлеуден тұрады.
Күтілетін нәтиже:
- Зерттеулер нәтижелерін енгізу рекреациялық табиғат пайдалануды оңтайландыруға және өңірде туризмнің тұрақты дамуына ықпал ететін болады, ғарыштан түсірілген суреттер және ГАЖ технологияларды қолдану негізінде деректер базасы құрылатын болады. Туристік және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға шекті жол берілген рекреациялық жүктемелерді анықтайтын әдістемелік тәсілдерін алуға мүмкіндіктер бар. Сонымен қатар, жобаның маңызды көрсеткіші Шығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаның жалпы экологиялық жағдайын бағалау болып табылады.
Жоба міндеттерінің бірінші кезеңінің күтілетін нәтижелері зерттеу объектісі бойынша толық мәліметтер мен материалдар, атап айтқанда табиғи жағдайлар туралы деректер, туристік аумақтарға рекреациялық жүктемелердің шекті жол берілген әдістемесін әзірлеу, дешифрлеу негізінде жасалған ғарыштық суреттердің негізінде алдын ала карталар дайындау, экспедициялық зерттеулердің нәтижелері болып табылады. Шығыс Қазақстан облысының туристік аумақтарындағы нақты рекреациялық жүктемелерді, топырақ-өсімдік жамылғысының рекреациялық дигрессия деңгейлерін анықтау.
Жоба міндеттерінің екінші кезеңінің күтілетін нәтижелері экспедициялық жұмыстардың мәліметтері мен деректерін, атап айтқанда топырақтың физикалық қасиеттері мен химиялық құрамын, ағаштардың биофизикалық параметрлерін талдау нәтижелері болып табылады. Ғарыштық суреттерді дешифрлеу негізінде рекреациялық жүктемелердің шекті жол берілген рекреациялық жүктемесін анықтау. Карталар серияларын жасау.
Жоба міндеттерінің үшінші кезеңінің күтілетін нәтижесі Шығыс Қазақстан облысының туризмді тұрақты дамыту болып табылады. Табиғатты қорғау бойынша ұсынылған іс-шаралар негізінде туризмнің және шекара маңындағы ауылдық аумақтардың тұрақты, әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Қол жеткізілген нәтиже:
Ландшафттарды кешенді далалық физика-географиялық зерттеу бағдарламасы әзірленді. Кілттік учаскелердің картасы жасалды және зерттеу нысандары анықталды. Далалық зерттеу материалдары және ғарыштық суреттер негізінде шекаралары нақтыланған зерттелетін аумақтың карталары жасалды (топырақ, өсімдіктер, топографиялық), орташа масштабты карталар. Зерттелетін аумақтың туристік және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының қазіргі жағдайы туралы мәліметтер базасы құрылды. Зерттелетін аумақтың статистикалық және картографиялық материалы өңделді және физикалық-географиялық сипаттамасы жасалды. Туристік аумақтардағы (Шүлбі су қоймасы, Дубағалы көлдері, Сібе көлдері, Алакөл көлі) ландшафт компоненттерінің нақты рекреациялық жүктемелері мен экологиялық жай-күйі айқындалды. Phantom RTK квадрокоптерінің (ҰҰА) көмегімен туристік аумақтардың жағалау учаскелеріндегі ландшафттардың механикалық бұзылуы анықталды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шегіндегі экологиялық маршруттардың қазіргі жай-күйіне бағалау жүргізілді ("Катонқарағай" мемлекеттік ұлттық паркі, "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық паркі). Туристік аумақтың жағалау учаскелерінде топырақ пен су сынамалары алынды. Топырақ пен су объектілерінің физикалық-химиялық қасиеттері мен ластаушы заттарды анықтау бойынша зертханалық зерттеулер жүргізілді.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шегінде экологиялық маршруттардың қазіргі жай-күйіне бағалау жүргізілді. Туристік аумақтардағы ландшафттардың механикалық бұзылуы анықталды (Шүлбі су қоймасы, Дубағалы көлдері, Сібе көлдері, Алакөл көлі). Рекреациялық учаскелердің ботаникалық сипаттамалары жүргізілді. Ландшафттардың рекреациялық жүктемелерге төзімділігі анықталды.
2023
Шығыс Қазақстанның туристік және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының жағдайын бағалау үшін NDVI және EVI индекстері есептелген. Шығыс Қазақстанның туристік және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының жай-күйін бағалау мынадай негізгі учаскелер бойынша жүргізілді: Катонқарағай ұлттық паркі, Батыс Алтай қорығы, Тарбағатай ұлттық паркі, "Семей Орманы" ГЛПР, Шүлбі су қоймасы, Сібе көлдері. Зерттеу аумағында рекреациялық жүктемелерге кеңістіктік талдау жүргізілді, алынған мәліметтер негізінде табиғатты пайдаланудағы конфликт анықталды және карталар жасалды.
- Жарияланған мақала: Zhandos T. Mukayev, Meruyert M. Ulykpanova, Zhanar O. Ozgeldinova, Altyn A. Zhanguzhina, Alikhan B. Sarsen «Evaluation of recreational impact on tourist territories of East-Kazakhstan» «Polish Journal of Environmental Studies» Vol. 32, No. 5 (2023), 4753-4760 процентилі 55. DOI: https://doi.org/10.15244/pjoes/168717 https://www.pjoes.com/Evaluation-of-Recreational-I...
2024
Туристік іс-шаралар мен табиғатты қорғау іс-шараларын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар карталары дайындалды. Ұсынылған рекреациялық пайдалану режимдері анықталды: сақтау режимі, қалпына келтіру режимі, пайдалану режимі. Табиғатты қорғау іс-шараларының бағыттары ұсынылды. Ландшафттарға рекреациялық әсерді сипаттайтын мәліметтер негізінде Ландшафттардың механикалық дигрессиясы зерттелді, оларға антропогендік рельеф микроформаларының меншікті ауданы %, минералды қабатқа дейін тапталған топырақ жамылғысының үлесі %, тұрмыстық қоқыс пен от шұңқырларының меншікті ауданы %, жер жамылғысының тығыздалуы %, фонмен салыстырғанда проективті жабынның төмендеуі, ағаш зақымдануының % көрінісі жатады түрлері жалпы санының % - % құрайды. Экологиялық жағдай зерттелді, топырақ пен су объектілеріндегі физикалық-химиялық қасиеттері мен ластаушы заттарды анықтау бойынша зертханалық зерттеулер жүргізілді. Топырақта (рН, аммоний азоты, органикалық заттар, мұнай өнімдері, хлоридтер, кадмий, мыс, мырыш, қорғасын), су объектілерінде (РН, аммоний азоты, нитрат азоты, органикалық заттар, карбонаттар,
бикарбонаттар, хлоридтер, кадмий, мыс, мырыш, қорғасын) анықталды.
- Ж.Т.Мукаев, Ж.О. Озгелдинова, М.М. Улыкпанова, А.А. Жангужина Геоэкологическая оценка качества поверхностных вод в рекреационной зоне озера Алаколь // Гидрометеорология и экология №1. – 2024. – С. 110-120 DOI:10.54668/2789-6323-2024-112-1-110-120 https://journal.kazhydromet.kz/index.php/kazgidro/...
- Пайдалы модельге патент алынды № 9282 18.03.2024 ж. топырақ-өсімдік жамылғысының деградация дәрежесін анықтау әдісі.https://ebulletin.kazpatent.kz/#/bulletin?timestam...
Зерттеу тобының мүшелері
-
Аты-жөні: Озгелдинова Жанар Озгелдиновна
Scopus Id: 55974482300
Researcher Id: ABD-7061-2021
ORCID: 0000-0001-6004-9066
Қосымша:
-
Аты-жөні: Алагуджаева Манира Аманкельдиевна
Scopus Id: 57194380633
Researcher Id: ABF-1440-2021
ORCID: 0000-0002-0209-8334
Қосымша:
-
Аты-жөні: Жангужина Алтын Амиржановна
Scopus Id: 57199861154
Researcher Id: ABF-3763-2021
ORCID: 0000-0002-0209-8334
Қосымша:
-
Аты-жөні: Рахимжанова Акгуль Махметхановна
Scopus Id: 57218533626
Researcher Id: ---
ORCID: 0000-0001-9939-2267
Қосымша:
-
Аты-жөні: Улыкпанова Меруерт Муратовна
Scopus Id: ---
Researcher Id: ABE-9721-2021
ORCID: 0000-0002-0038-3158
Қосымша: