Психологиялық қызмет жетекшісі профессор Ш. Сатиева 15.04.2024 ж. дағдарыс психологымен онлайн - эфирге қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушылар HR менеджерлер қауымдастығы, ұжым мүшелеріне және көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсету мақсатында жүзеге асты.
♦️ Эфирдің басты мақсаты-өзіне және әріптестеріне су тасқыны кезінде туындайтын эмоционалды қиындықтарды жеңуге көмектесу. Ұйымда стрессті басқару, ресурстарды дамыту және қолдау ортасын құру бойынша кеңестермен бөліседі
Модератор: Валиуллов Ильдар, «Даму мектебі» басшысы, адамдарды дамыту саласындағы сарапшы, гештальт-терапевт.
Спикер: Байдрахманова Әлия Камидулловна, психология ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік ғылымдар магистрі, дағдарыс жағдайы саласындағы маман, «Жедел желі» консультанты.
Семинарда қазіргі жағдайға байланысты орын алған қиын кезеңде қызметкерлерге және өздеріне психологиялық қолдау көрсету бойынша практикалық құралдар мен ұсыныстар алынды.