Мәдени – спорттық іс- шара ұйымдастырылды

Пресс-служба     29 May,2019        

27 мамыр күні Шәкәрім университеті «Диадактикалық көпір: Еуропа- Азия» форумы аясында қаламыздың демалыс базасында форум қонақтарына мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырды. «Қаламқас» ән-би ансамблі қонақтарды дәстүрлі әндермен қарсы алып, концерттік, қойылымдық бағдарламалар ұсынды.  Келушілеріміз Абай кейіпіне киінген кейіпкерді көріп, «дәл Абайды көргендей болдық» дейді.  Шара барысында ұлттық тағамдарымыз тартылып, ұлттық ойындар ойнатылды. Сонымен қатар ат үстінде серуен жасауға мүмкіндік туды.  Қонақтарымыз табиғат аясындағы демалыспен қатар, халқымыздың мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысып, алған әсерлерімен бөлісті.