Мақсат – халықаралық ынтымақтастықты нығайту

Пресс-служба     13 May,2019        

8-10 мамыр аралығында Шəкəрім университетінің делегациясы Лешно қаласындағы серіктесіміз Ян Амос Коменский атындағы мемлекеттік жоғары кəсіптік білім беру мектебінің 20 жылдық мерейтойына қатысты.
Алғашқы күн – “20 жыл фотосуретте” атты фотокөрмемен бастау алып, іс-шараның ресми ашылуымен, одан əрі форуммен жалғасты. Ашылуда сөз сөйлеген университетіміздің ректоры Мейір Ғариполлаұлы өз сөзінде жерлесіміз, Польша елінің тарихи тұлғасы Тадеуш Голувконы тілге тиек етті. Тадеуш Голувко осыдан 130 жыл бұрын Семей жерінде дүниеге келген болатын.
Екінші күн – халықаралық достық жəне ынтымақтастық күні деп аталды. Мұнда форумға қатысушы университеттердің презентациясы жасалды. Біздің университетті “Менеджмент” кафедрасының меңгерушісі Койчубаев Александр таныстырды.
Форумға: Экономика және менеджмент үшін Швейцария жоғары қолданбалы ғылымдар мектебінің ректоры – Доминик Джордан.
Кьюнгдонг университетінің президенті – Джон Ли мырза жəне Украина, Чехия мемлекеттерінің делегаттары қатысты. Қатысушыларды Ян Амос Коменский атындағы мемлекеттік жоғары кəсіптік білім беру мектебінің ректоры Мачей Петшак жылы қарсы алды.
Форумның мақсаты халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Ынтымақтастық аясында студенттеріміз академиялық ұтқырлықпен Польша және Корея елдерінде білім алмаса алады.
Айта кетейік дəл осы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 26-28 мамыр аралығында университетімізде “Дидактикалық көпір Еуропа- Азия” ірі халықаралық білім беру форумы өтеді.