Университеттің ғылыми зертханаларына экскурсия жасады

Пресс-служба     25 Oct,2019        

25 қазан күні Шәкәрім университіне Шемонаиха ауданының мектеп оқушылары келді. Университет түлектерін рекрутингілеу орталығының қызметкерлері, факультет өкілдері,  халықаралық факультеттің шетелдік оқытушылары оқушыларға экскурсия жасап, университетпен таныстырды.

Одан әрі Шәкәрім университетінің ғылыми зертханалары бойынша экскурсия жүргізілді.

Оқушылар инженерлік бейіндегі ғылыми зертханалармен, инженерлік-технологиялық факультеттің мамандықтарымен танысты. Оларға заманауи зертханалардың жұмысын көрсетіп, барлық сұрақтарына жауап берді.

Оқушылар тамақ өнімдерін сараптау зертханаларына, жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын құрастыру технологияларына, энергетикалық жүйелер зертханаларына, тамақ өндірісінің процестері мен аппараттары зертханаларында болды.

Түлектер радиоэкология зертханасы маманының  «Зертхананың бірегей жабдықтары» туралы дәрісін қызығушылықпен тыңдады.

Сонымен қатар мектеп түлектері Аграрлық факультетте болып, факультеттің мұражайына, ветеринарлық орталыққа, зертханаларға экскурсия жасады.

Университеттің білім беруге деген толық мүмкіндігі барын көрген оқушылар, қызығушылық танытып «Болашақта осы оқу орнының студенті атанамыз» дейді