Мемлекеттік емтихан тұңғыш рет қашықтықтан қабылданды

Пресс-служба     03 May,2020        

Алғашқы онлайн емтиханды “Өнер және спорт” факультеті “Дизайн” мамандығының студенттері тапсырды.

“Онлайн платформа жоғары білімімізді жалғастыруға, сонымен қатар емтихан тапсыруымызға кедергі келтірмеді. Әдеттегі мемлекеттік емтиханды ойдағыдай тапсырып шықтық. Қашықтықтан оқыту- бұл алыс қашықтықтан білім алу мен қатар университетке жеке сапар шегу” дейді студенттер.

Дизайн мамандығының 3 студенті де мемлекеттік емтиханда жоғары нәтиже көрсетті.

Емтиханға факультет деканы Бейбітгүл Тұрғанбаева мен Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Сәуле Тілеуғалиева, Тіркеу офисі бөлімінің жетекшісі Роза Бекбаева арнайы қатысып, емтиханның әділ өтуін қадағалады.