Меморандумға қол қойылды

Пресс-служба     18 Nov,2019        

Шәкәрім университеті өкілдері Семей медицина университеті базасында “Ядролық медицина бойынша мамандарды даярлау үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу” тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел аясында тарихи оқиға орын алды. Семей медицина университеті мен Шәкәрім университеті арасында “Медициналық физика”мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасын әзірлеу бөлігіне байланысты меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ Ядролық медицина және онкология орталығы өкілдерінің қатысуымен “Мамандарды дайындау үшін ядролық медицинаның клиникалық базасын дамыту перспективалары”, “Физика және медицина тұрғысынан “Медициналық физика” магистратурасының білім беру бағдарламасын әзірлеу”, “Резидентура деңгейінде радиология/ядролық медицина бойынша мамандарды даярлау перспективалары” тақырыптары талқыланды.

Сонымен қатар “Медициналық физика” мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларын, “Ядролық медицина” мамандығы бойынша резидентура және клиникалық хаттамаларды әзірлеу бойынша 3 жұмыс тобын құру туралы бірлескен шешім қабылданды.

Айта кетейік Семей қаласының алдыңғы қатарлы екі жоғарғы оқу орны арасында жасалған меморандум «Медициналық физика» мамандарының дамуына берілген үлкен мүмкіндік.