Факультет кіші деканы – Айтбергенов Ерасыл Думанұлы, Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығының 2 курс студенті.
Байланыс телефоны: +77784918607; +77077981128;
Кіші деканаттың негізгі мақсаттары:
– факультетте жастар саясатын жүзеге асыру;
– факультетте студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін жүзеге асыру;
– студенттердің жан-жақтылық, әлеуметтік-белсенділігін дамыту;
– студенттерді ғылыми және жалпы университет өміріне тарта отырып, олардың интеллектуалдық, шығармашылық және кәсіби қасиеттерін қалыптастыру және дамыту жағдайларын жасау;
– мәдени және спорт-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
– студенттердің қызығушылығын университеттік деңгейге көтеру;
– студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру.
Қазіргі таңда факультет Маслихатында 58 студент бар.
Жиналыстың өтетін орны мен уақыты: № 2 оқу ғимаратының (Глинки 20А), 712 ауд.
Өткізілген іс-шаралар:
14 қыркүйек – 1-курс студенттерін факультет кіші деканаты мен старостаты және факультет құрылымымен таныстыру өткізілсе,
30 қыркүйек – университетіміздің ұйымдастыруымен өткен “Семей менің жүрегімде” фестивалі аясында шығармашылық алаң.
4 қазан – «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.