Факультет кіші деканы – Әбдешова Айгерім Қайнарқызы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2курс студенті. : +77780418987; +77759447338;
Кіші деканаттың негізгі мақсаттары:
– факультетте жастар саясатын жүзеге асыру;
– факультетте студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін жүзеге асыру;
– студенттердің жан-жақтылық, әлеуметтік-белсенділігін дамыту;
– студенттерді ғылыми және жалпы университет өміріне тарта отырып, олардың интеллектуалдық, шығармашылық және кәсіби қасиеттерін қалыптастыру және дамыту жағдайларын жасау;
– мәдени және спорт-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
– студенттердің қызығушылығын университеттік деңгейге көтеру;
– студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру.
Қазіргі таңда кіші деканат құрамында 45 студент бар.
Жиналыстың өтетін орны мен уақыты: №2 оқу ғимараты (Глинки 20А), 712 аудитория.
Өткізілген іс-шаралар:
-14 қыркүйек күні – 1-курс студенттерін факультет кіші деканаты және факультет құрылымымен таныстыру өткізілді;
– 30 қыркүйекте – университетіміздің ұйымдастыруымен өткен «Семей – менің жүрегімде» фестивалі аясында шығармашылық алаң.
– 4 қазан күні – “Ұстаз – ұлы тұлға” атты мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырды.