Факультет кіші деканы – Жолдыбалинов Дидар Аманбекович
8 707 904 36 41
Кіші деканаттың негізгі мақсаттары:
– факультетте жастар саясатын жүзеге асыру;
– факультетте студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін жүзеге асыру;
– студенттердің жан-жақтылық, әлеуметтік-белсенділігін дамыту;
– студенттерді ғылыми және жалпы университет өміріне тарта отырып, олардың интеллектуалдық, шығармашылық және кәсіби қасиеттерін қалыптастыру және дамыту жағдайларын жасау;
– мәдени және спорт-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
– студенттердің қызығушылығын университеттік деңгейге көтеру;
– студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру.
Қазіргі таңда факультет Маслихатында 25 студент бар.
Жиналыстың өтетін орны мен уақыты: № 3 оқу ғимараты, 228 ауд., бейсенбі, 17. 00
Өткізілген іс-шаралар:
11 қыркүйек – 1-курс студенттерін факультет кіші деканаты мен старостаты және факультет құрылымымен таныстыру өткізілсе,
30 қыркүйек – университетіміздің ұйымдастыруымен өткен “Семей менің жүрегімде” фестивалі.
6 қазан – Жаратылыстану-математика факультетімен бірігіп “Ұстаз – ұлы тұлға” атты мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.