11.12.2020—21.12.2020 ж. #ShakarimUniversity мамандықтарының арасында ұйымдастырылған “Менің мамандығым” бейнероликтер байқауы өз мәресіне жетті.
Негізгі мақсат –білім алушылардың өз мамандықтарына деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін арттыру;
Байқау шарты бойынша әр қатысушы өз мамандығы туралы 1 минуттық қысқаша бейнеролик түсірді. Барлық талаптарға сәйкес келген 72 студенттің жұмыстары @universitet.shakarim инстаграм парақшасында көпшілікке жарияланылды.
Рекрутинг Орталығының басшысы Е.Я.Шаяхметов пен Тәрбие ісі және жастар саясаты бөлімінің басшысы А.Ж.Мұқанов тікелей эфирде қатысушыларға құттықтау сөздерін сөйлеп онлайн марапаттау рәсімін өткізді.
Байқау қорытындысы бойынша:
“Ең көп #Like” жинаған қатысушыға– үлкен саяхат чемоданы, “Көп Like” жинаған қатысушыға– фотоальбом, “Ең көп қаралымды” бейнероликке– орташа саяхат чемоданы, “Үздік 20” бейнероликке –20 саптыаяқ, сондай-ақ, барлық белсенді қатысушыларға Ш.Құдайбердіұлының “Үш анық” трактаты сыйға берілді.
Үздік 20
- Турлубекова Ақбота «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» 1153
- Шабденова Нұрханым «Қазақ тілі мен әдебиеті» 961
- Байзульдинова Зарина «Шет тілі: екі шет тілі» 713
- Мурадова Ирада «Агрономия» 648
- Біржан Әмір «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» 538
- Өмірғалиева Аружан «Психология» 515
- Кайрашова Аружан «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» 511
- Айтқазы Динара «Ветеринариялық санитария» 456
- Кунсафина Гүлнұр «Биология» 422
- Несипхан Мейіржан «Өсімдік шаруашылығы» 397
- Еженхан Талант «Қазақ тілі мен әдебиеті» 391
- Талғарбекова Ақерке «Филология» 374
- Силам Балжан «Информатика-роботатехника» 358
- Булатова Сандугаш «Қазақ тілі мен әдебиеті» 358
- Құрманғали Ләйлім «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру» 345
- Дәулетова Диана «Дене шынықтыру және спорт» 322
- Тасқынқызы Ақсел «Тарих» 319
- Кеңесбекова Насихат «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» 317
- Қанағатова Эльмира «Аударма ісі» 298
- Байболинова Айсұлу «Дизайн» 295