«Менің туым, менің Отаным!» атты іс-шарасы өтті

Пресс-служба     30 Oct,2019        

Шәкәрім университетінде «Nur Otan» партиясының патриоттық акциясына орай ұйымдастырылған «Менің туым, менің Отаным!» атты іс-шарасы өтті.

Шараға «Nur Otan» партиясының хатшысы Оспанов Ғабидулла Абдуллаұлы арнайы қатысып, Шәкәрім ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын , қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.

«Nur Otan» партиясының хатшысы Ғабидулла Оспанов – енді еліміздің кез-келген азаматы патриоттық сезімін білдіріп,  мемлекеттік туымызды үйінде немесе жұмыс орнында іле алатынын айтты. Сондай-ақ университетті мерейлі мерекесімен құттықтап, көк байрағымызды желбіретіп, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын жастарымыз арта берсін деген тілегін жеткізді.

Студенттер университет дәлізіне ілінген мемлекет байрағының астына жиылып, әнұранды асқақтата шырқап, патриоттық әндерді орындады. Шара қонағы Ғабдулла Оспановқа университет қолдауымен шыққан Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» кітабын тарту етті.