Менің үздік конструктивистік сабағым

Пресс-служба     18 Apr,2019        

21 қаңтар – 17 сәуір аралығында Шәкәрім университетінің педогогикалық мамандық түлектерінің арасында Қазақстан Республикасының Білім беру мазмұны бойынша  “Менің ең үздік конструктивистік сабағым”атты сабақтар жоспарының презентациясы өтті.

Студенттер білім берудің жаңартылған мазмұнының идеялары мен білімдерін ғана емес, сонымен қатар сабақтарды жоспарлаудың тамаша практикалық дағдыларымен бөлісті, ал кейбір қатысушылар өздерінің жетістіктерін бағалауда аналитикалық қабілеттерін көрсетті.

Барлық қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңартылған білім беру мазмұны бойынша конкурсқа белсенді қатысқаны үшін сертификаттарға ие болды, ал жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. 1-ші дәрежелі дипломды Бекжанова Нургуль, 2-ші дәрежелі дипломды Парасат Кулпынай және Каримова Салтанат, 3-ші дәрежелі дипломды Ешназар Гульбаршин, Сайлауова Гульдана және Алпыспаева Макпал алды .

Өткізілген іс – шараның нәтижесінде болашақ мамандар сабақты ұйымдастыру барысында жаңашыл әрі креативті болу, жаңа технологияларды тиімді  қолданудың жолдарын өз тәжірибесіне жинақтап қайтты.

2-ші орын иегері Парасат Құлпынайдың аталған сайысқа өз пікірін білдірді:

– Педагогика мамандығының студенттері өндірістік іс – тәжірибе барысында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша алған білімдеріне сүйене отырып  өткізген сабақ жоспарымен , құрылымымен таныстырды, шығармашылық  идеяларымен бөлісті. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сай жеті модульді кіріктіріп коллаборативті орта құру арқылы өткізілген сан түрлі сабақ жоспарлары ортаға ұсынылды.Сайыс болашақ  педагогтердің әлеуеті мен қабілетін ашуға, шеберлігін көрсетуге, жаңа білім жинақтауға және тәжірибе алмасуға ықпалын тигізді. Біз осындай конкурстардың жыл сайын өткізілуін тілейміз.