Мерейтой!

Пресс-служба     14 Jan,2020        

Аграрлық факультет бүгін мерейтойдың куәсі болды. «Ветеринария» кафедрасының доценті Боярченко Елена Константиновна 70 жас мерейтойын атап өтуде.

Ол,1983 жылдан бері университетімізде қызмет атқарып, білім саласында талмай еңбек етіп келеді.

30 жылдан астам ғылыми-педагогикалық өтілінде Елена Константиновна тек ғылыми ғана емес, сонымен қатар оқу-әдістемелік жұмыстармен де айналысты.

Оның, 50-ден астам ғылыми жарияланымдары бар, соның ішінде 5 рационализаторлық ұсыныс және 4 өнертабысқа патент алған.

Қазіргі уақытта ғылыми зерттеулері Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінің жабайы өсімдіктерін ветеринарияда пайдалану мүмкіндігін зерттеуге бағытталған.

Елена Боярченко студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамы арасында құрметке ие. Өзінің қызмет жолында университеттің үздік кураторы атанып, Семей қаласы әкімінің грамотасымен, “Ұлағатты Ұстаз”төсбелгісімен марапатталған. Бар ғұмырын ғылым мен білімге арнаған ұлағатты ұстазымызды мерейлі мерекесімен құттықтаймыз!