Мереке қарсаңындағы марапат

Пресс-служба     31 Dec,2019        

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қазақстанның құрметті журналисі, Шәкәрім университетінің аға оқытушысы Дәулет Тілеубердиев «Семей қаласына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Дәулет Рамазанұлы ұзақ жылдар бойы ақпарат саласында қызмет атқарып келе жатқан белгілі  журналист және шәкірт тәрбиелеген  ұлағатты ұстаз.

Әріптесімізді марапатымен құттықтаймыз! Деніне саулық, отбасына амандық,  қызметіне мол табыс тілейміз!