Мерекелік кеш өтті

Пресс-служба     13 Dec,2019        

Аграрлық факультетінде «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты мерекелік кеш өтті.

Тәуелсіздік күніне арналған кешке әлеуметтік зерттеу орталығының жетекшісі Мұхтар Абдикакимов арнайы қатысып, өз баяндамасын оқыды. Сондай-ақ, мерекеге орай жыл бойы белсенділік танытып, жетістікке жеткен студенттер марапатталып, қатысушылар арасында викториналық сұрақтардан ойын ойнатылды. Концерттік бағдарламамен жалғасқан кеш студенттерге рухани әсер қалдырып, ерекше көңіл күй сыйлады.