Мұхтар Әуезов театры әртістерімен кездесу

Пресс-служба     03 Oct,2019        
Шәкәрім университетінде Мұхтар Әуезов театры әртістерімен кездесу өтті.  Кездесу университеттің 85 жылдық мерейтойына орай «Шәкәрім университеті – ашық алаң» іс-шаралар циклі, Рухани жаңғыру бағдарламасының «Кино өнері және телевидение» арнайы жобасы аясында өткізілді.
«Театр және кино» деп аталған кездесудің басты қонақтары:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Бекжан Тұрыс.
Кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегер – Шынар Асқарова.
Қазақстан Жастар одағы «Серпер» Жастар сыйлығының иегері – Алмас Шаяхметов.
Режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Алма Кәкішева.
Театр және кино актрисасы  – Гүлшат Тутова
Көрерменге «Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы танылған жас актер – Аян Өтепберген болды.
Кездесуге университеттің студенттері мен оқытушылары қатысып сахна саңлақтарына сауалдарын қойды. Қонақтар қызықты сәттерімен бөлісіп, ән айтып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жалынды жастарымыз да қалыс қалмай өз өнерлерін көрсетіп, ақ жарма тілектерін жеткізді.