«Музыкалық білім» кафедрасының 30 жылдық мерейтойы

Пресс-служба     04 Nov,2019        

Шәкәрім университетінде «Музыкалық білім» кафедрасының 30 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті.

30 жылда түлеп ұшқан түлектерді бір шаңырақ астына жинап, әрі кездесу, әрі мерейтой ретінде өткізген кеш ерекше жанрда өтті.

Кештің ерекшелігі, бітіруші түлектердің арасынан олардың жеткен жетістіктерін бағалап, 10 номинация бойынша марапаттауы болды. Номинацияның 3-еуі кафедраға өз үлесін қосып, беделін асқақтатқан ұлағатты ұстаздарға арналды.

Ерекше сезіммен әсерге толы кеште түлектер  студенттік кездерін еске алып, ұлағатты ұстаздарына деген алғысын білдірді.

«Университет түлектеріне тән ортақ игілік бар. Ол- ортақ университет, ортақ мамандық, ортақ міндет, ортақ мақсат, ортақ парыз. Ортақ істе ортақ мақсатты көздей жүріп, университет түлектерінің басын бір  шаңырақтың астына біріктіру қажеттігі, осы мамандығымызға 30 жыл толуы қарсаңында туындады. Бұл – ең алдымен рухани қажеттілік. Сондықтан біз әр жылдардағы түлектерімізді бүгін көріп отырғанымызға қуаныштымыз!» дейді кафедра ұстаздары.

Мереклік кеш думанды ән  мен күйге жалғасты. Алдағы уақытта мұндай мерекелік басқосуды 5 жыл сайын дәстүрге айналдырамыз дейді ұйымдастырушылар.