НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Пресс-служба     03 Nov,2020        

     Құрметті профессор-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлері !

Облыстағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандару шараларына сәйкес Шәкәрім университеті ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап бірқатар шектеу шараларын қабылдағанын хабарлайды:

  • университет ғимаратына бөтен адамдардың кіріп-шығуын шектеу;
  • басқа қалаларға іссапарларға, тағылымдамаларға баруға мораторий жариялау;
  • қызметкерлердің 80%-ға жуығын қашықтан жұмыс форматына ауыстыру;
  • адамдардың қатысуымен өтетін жиындарды өткізуді шектеу;
  • ғимараттарда дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету;
  • кезекші медицина қызметкерлері тарапынан әр ғимараттағы барлық қызметкерлердің температурасын тұрақты өлшеуін жүргізу.

Университет басшылығы әлеуметтік көмек ретінде штаттық режимде жұмыс істейтін қызметкерлерді бетперделермен және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қашықтан жұмыс жасайтын профессор-оқытушылар құрамына ақысыз интернет желісіне  қосылу мүмкіндігін ұсынады.

Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық тілеймін!

 

 

Университет ректоры  Мұхтар  Байжуманов