НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Пресс-служба     11 Nov,2020        

«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 5-тармағына және 36-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Білім және ғылым министрінің №440  15.10.2020ж бұйрығымен «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамы анықталды. Директорлар кеңесінің құрамы 6 мүшеден тұрады:

  • Дәуленов Мирас Мұхтарұлы – Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым вице-министрі;
  • Тойбаев Амангелді Сағынбайұлы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс Басқармасының басшысы (келісім бойынша);
  • Оспанғалиев Қажымұқан Әлімханұлы – Шығыс Қазақстан облысы Білім Басқармасы басшысының орынбасары;
  • Мақсұтова Зейнеп Әбдіжүсіпқызы – Шығыс Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы (келісім бойынша);
  • Чугунков Олег Васильевич- «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облысы филиалы төрағасының орынбасары, тәуелсіз директор (келісім бойынша);
  • Сәкенов Олжас Берлесұлы- BTS Education бас талдаушысы, тәуелсіз директор (келісім бойынша).

29 қазан 2020 жылы «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс онлайн режим форматында ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Күн тәртібінде төменде көрсетілген сұрақтар талқыланды:

  • «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің төрағасын тағайындау. Аталған сұрақтың қорытындысының шешімі бойынша «Семей қаласының Шәкәрім атындағы коммерциялық емес акционерлік қоғамының» Директорлар кеңесінің төрағасы болып ҚР Білім және ғылым вице-министрі Дәуленов Мирас Мұхтарұлы сайланды. Сайлау жабық түрде өткізілді.
  • «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының корпоративті хатшысының  ұйғарымын бекіту және корпоративті хатшыны тағайындау;
  • «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы – Ректорын іріктеу және тағайындау, Басқарма мүшелерін сайлау тәртібінің жобасын бекіту;
  • «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы – Ректоры лауазымына конкурс жариялау. Аталған хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарына 10 күнтізбелік күн бұрын  жарияланды.

Шәкәрім Университетінің жарғысына сәйкес ағымдағы жылдың аяғында қаржылық есептіліктің жүргізілетінін хабарлаймыз.