Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз - «Абай күні» болып белгіленген болатын.
Ұлы ақын шығармашылығын, спорт және салауатты өмір салтын насихаттау үшін 2024 жылдың 10 тамыз күні Семей мен Жидебайдың арасында 160 шақырымдық және Семей мен Бөрілі арасында 80 километрлік «Shakarim University-90» ультрамарафондар өткізіледі.
Жарысты ұйымдастырушы - Абай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «El Sport» республикалық қоғамдық бірлестігі.
Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ге жуық желаяқ қатысады. Олар: Астана, Қостанай, Павлодар, Зайсан, Петропавловск қалаларынан келеді. Жарысқа бірнеше спортшы өзге мемлекеттерден қатысады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты ақшалай сыйақы беріледі.
1-ші орынға 300 мың;
2-ші орынға 250 мың;
3-ші орынға 200 мың теңге тағайындалып отыр.
Салауатты өмірді осылай насихаттаудың жастар үшін маңызы зор деп білеміз. Себебі, жарысқа қатысушы әрбір адам спортты тұрақты түрде жанына серік етеді. Ал, дене шынықтырумен күнделікті айналысқан жастың өзіне де, қоғамға да тигізер пайдасы көп! Сол себепті, сіздерді асыға күтеміз!