Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі28 сәуір 2023жастар саясаты, мәселелер, маслихат

АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР МӘСЛИХАТЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін жастар мәслихатының бірінші отырысы өтті. Отырысқа облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, Абай облысы мәслихатының төрағасы Қуаныш Сүлейменов, жастар мәслихатының депутаттары және БАҚ қатысты.
Жиында өңір басшысы депутаттарға куәліктер мен төсбелгілерді салтанатты түрде табыс етіп, жас депутаттардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Жастар - біздің тәуелсіз қоғамымыз бен еліміздің болашағы! Сіздер нағыз кәсіпқой, Қазақстанның тірегісіздер. Айта кететінім, жастар мәслихатының маңызды мақсаттарының бірі – кадрлық резервті қалыптастыру. Сіздердің әрқайсыларыңыз облысымыздың дамуына үлес қосуларыңыз керек. Біз өз кезегімізде сіздердің бастамаларыңызды қолдауға әрқашан дайынбыз»,- деді облысы әкімі Нұрлан Тельманұлы.
Отырыс аясында Жастар мәслихатының төрағасы ретінде студентіміз Мурсалимова Замира тағайындалды. Сондай-ақ, депутаттық тізімде біздің студенттер де бар:
1.Фархадов Ислам
2.Сүлейменов Нұрбол
3.Игенбердыева Сағыныш
4.Қанағатова Эльмира
5.Токеева Мадина
6.Ерсінбек Өрлеубек
7.Жұманқызы Айгерім
Айта кетейік, Абай облыстық жастар мәслихаты жастармен байланысты нығайту, жастардың мемлекеттік үдерістерге қатысу құқығын қамтамасыз ету, әлеуметтік лифт функциясын орындау және жастарды сайлау үдерістеріне дайындауды жүзеге асыру үшін жұмыс істейтін болады.