Бүгін Шәкәрім университетінде «Shakarim Forum: жоғары білімдегі жаңа көкжиектер» форумы аясында шығыстың үздік шаруашылықтарынан әкелінген «Шәкәрім-Agro» азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге өңірдің 20-ға жуық шаруа қожалықтары мен кәсіпорын, цехтары қатысты. Серіктестеріміздің ішінде «Шалабай», «Қалиқанұлы» шаруа қожалықтары, Агрофирма «Приречное», «KONDIZ» кондитерлік фабрикасы, «Дария» шұжық цехы, «Семнан», «Ақшың», «Арай», «Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШС, «Восток-Молоко», «Ақбота», «Қуаныш», «Қанат» және «Сердюк» мекемелерінің өкілдері қала тұрғындарына сапалы азық-түлік өнімдерін ұсынды. Серіктестер тарапынан тұтынушылар үшін тауарларды нарық бағасынан 10-15%- ға төмен бағада сатып алуға жағдай жасалды.
Сондай-ақ, келушілер(білім алушылар, қала тұрғындары) жәрмеңкеден бөлек, қолөнер шеберлерінің көрмесімен, ветеринарлық «AESCULAP» орталығының жұмыстарымен танысты.
Агроөнеркәсіп кешені мамандарының өзара тәжірибе алмасып, жаңа технологиялармен бөлісу, сонымен қатар, бірлескен бизнес-жобаларды құруын мақсат тұтқан көрме колледж студенттерінің «Шәкәрім шырайы» гүл егу акциясымен жалғасты.