Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі01 маусым 2024құттықтау, жастар, балалар

БАЛАЛАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
Бұл күні балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғау, оларға қамқорлық жасау дәріптеледі. Елімізде балалардың саны 7 миллионға жуықтайды.
Мемлекет басшысы бала қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. Баланың жағдайын жақсарту да мемлекет алдындағы басты міндет. Биыл «Ұлттық қор балаларға» жобасы іске қосылды.
Осынау мереке күні балаларға көтеріңкі көңіл-күй , бақытты балалық шақ тілейміз!