Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі09 қараша 2023жастар саясаты, белсенділермен кездесу

«BIR TOLQYNDA» АЛАҢЫНДА БЕЛСЕНДІЛЕРМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

Шәкәрім университетінде “АМАНАТ” партиясының жанындағы “Жастар Рухы” ЖҚ ұйымының ұйымдастыруымен “Bir tolqynda” диалогтық алаңында белсенділермен кездесу өтті.

Кездесуге “АМАНАТ” партиясы жанындағы “Жастар Рухы” ЖҚ Абай облысы филиалының төрағасы Темірлан Бақтияров, Семей қалалық бөлімшесінің жетекшісі Қуат Тұрсынғалиев және Шәкәрім университетінің тәрбие және жастар саясаты бөлімінің басшысы Ернұр Сахариев қатысты.

“АМАНАТ” партиясы жанындағы “Жастар Рухы” ЖҚ Абай облысы филиалының төрағасы Темірлан Бақтияров өз сөзінде Жастар қанаты әрдайым жастар саясатының дамуына өз қолдауларын көрсететінін атап өтті. Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескеретіні сөз етілді.

Семинар-тренинг түрінде өткен кездесу барысында 1 және 2 курс білім алушылары көптеген жаңа мағлұматтар, көкейінде жүрген сұрақтарына жауаптарын алды.