Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі05 шілде 2022ынтымақтастық, біздің студенттер, жазғы мектеп

БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР ЖАЗҒЫ МЕКТЕПКЕ БАРЫП ҚАЙТТЫ

             "Орман ресурстары және орман шаруашылығы" білім беру бағдарламасының білім алушылары С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің "Сарыарқа" БЖК (Щучинск қ.) базасында 2022 жылғы "Климаттың өзгеруіндегі табиғи ресурстардың рөлі" VIII Халықаралық жазғы мектебінде екі апталық оқудан өтті. Студенттер Шәкәрім университет ректорына Бауыржан Амангелдіұлы Ердембековке, ветеринария және агроменеджмент факультетінің барлық профессорлық-оқытушылық құрамына, "Орман ресурстары және орман шаруашылығы" білім беру бағдарламасының менеджеріне, ғылыми жетекшісіне, Гүлнар Илюсюзовна Джамановаға ұлттық жоғары оқу орнымен тығыз ынтымақтастық орнатқаны және мүмкіндік бергені үшін шынайы алғыстарын білдірді.

          Мектепте тек Қазақстанның жоғары оқу орындарынан ғана емес, Түркиядан, Тәжікстаннан, Ресейден, Өзбекстаннан және т.б. "Орман ресурстары және орман шаруашылығы" мамандығының бакалаврлары мен магистранттары оқыды. VIII Халықаралық Жазғы мектептің салтанатты ашылуына халықаралық бағдарламалардың үйлестірушілері; "Бурабай" МҰТП өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары, жұмыс берушілер және басқалар қатысты.

          "Климаттың өзгеруіндегі табиғи ресурстардың рөлі" Халықаралық жазғы мектебі аясында ағылшын, түрік, тәжік, өзбек, қазақ және орыс тілдерінде орман ғылымы мен орман білімінің перспективалы бағыттары, орман шаруашылығын цифрландыру, құнды орман ландшафтарын сақтау, биоалуантүрлілік, рекреациялық әлеует және су ресурстары тақырыптары бойынша дәрістер оқылды, практикалық сабақтар өткізілді және басқалар.

          Қарқынды екі апталық оқу курсы білім алушыларға орман-климаттық жобаларды жүзеге асыруды ұсынуға, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын, орман шаруашылығының қазіргі проблемалары және климаттың өзгеру перспективалары туралы жаңа білім мен ақпарат алуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді, "Бурабай" МҰТП, "ҚазОШҒЗИ" ЖШС дендропаркі, Республикалық селекциялық орталықтың Солтүстік филиалы жағдайында қосымша дағдылар алынды.

        Қызықты оқу, тренинг түрлі мәдени шаралармен ұштасты. Жазғы мектептің соңында VIII Халықаралық жазғы мектеп – 2022 қатысушылары жоғары оқу орындарының бірінші басшыларына сертификаттар мен алғыс хаттармен марапатталды.

          Өз кезегінде Бауыржан Амангелдіұлы балаларды құттықтап, Халықаралық кәсіби достықты дамыту ниеттерін қолдады. Бейресми білім беруде алынған құзыреттерді тануды қамтамасыз ету трансұлттық ұтқырлыққа, нарықтың ашықтығы мен бәсекелестігін арттыруға ықпал етеді, адами капиталды пайдалану тиімділігін арттырады, білім алушылар үшін қажетті білім мен дағдыларды неғұрлым қолжетімді етеді және интеграцияға жәрдемдеседі.

           Біздің университет студенттерінің орман секторының халықаралық кәсіби қоғамдастығының талаптарына сәйкес келуі және барлық мүдделі тараптардың мүдделерін халықаралық деңгейде ескере отырып, тұрақты орман басқару тұжырымдамаларын перспективалы түрде ілгерілететін орман өсірушілердің қазіргі заманғы құзыреттерін лайықты растауы өте жағымды.