Қазіргі уақытта елімізде үздіксіз білім беру мәселесі өзекті. Осыған орай арнайы тұжырымдама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі №471 қаулысымен бекітіліп, әр тарапты жұмыстар басталып та кетті. Осы тұжырымдама тапсырмаларын орындау мақсатында қара шаңырақта «Күміс университет» өткен оқу жылының соңында ашылып, 8 кластер бойынша өз қызметтерін ұсынуда.
Осы ретте, Шәкәрім Университетінің басшылығы және де ШҚО Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшылығы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты - егде жастағы тұлғаларды қолдау, олардың әлеуметтік белсенділігі мен өмір сүру сапасын көтеруге, формальді емес біліммен қамтуға бағытталған әртүрлі қызмет түрлерін бірлесе ұсыну.
Міндеттер:
- физикалық және рухани денсаулықты нығайту;
- тілдік кедергілерді жеңу: қазақ, түрік, ағылшын, неміс;
- цифрлық сауаттылықты дамыту.
Екі жақты жұмысымызға сәттілік тілейміз!