Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы. Бұл күн елдік пен ынтымақтың, бірлік пен берекенің мерекесі.
Шәкәрім шаңырағының Күміс университеті сән-салтанатпен Наурыз мерекесін атап өтті. Басқарма мүшесі – ғылым және инновация жөніндегі проректор Жанар Қалибекқызы қатысушыларды атаулы мейраммен құттықтады.
«Ата-бабаларымыз «бір ғасыр өмір сүр, бір ғасыр оқы» деп бекер айтпаса керек. Бұл оқу орнында сіздер білім, ұмытылмас эмоциялар аласыз, бір-біріңізбен араласасыз, тіл үйренесіз. Бұл керемет мүмкіндік! Сізге тек денсаулық, істеріңізге табыс тілеймін»,- деді проректор.
Мереке аясында Күміс университетінің қатысушылары өз өнерлерін көрсетті. Атап айтқанда, қазақ тілінде ән шырқап, ағылшын тілінде бір-бірін құттықтады.