Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі23 мамыр 2023педагог, облыстық семинар, сабақтастық, мектеп-жоо

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

Заманауи білім беру жағдайында мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын жүзеге асырудағы проблемаларды талқылау,  мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу бағдарламалары бойынша жоғары сапалы қызметтерді көрсету бүгінгі күннің заман талабы. Қала берді кәсіби білім мен дағдыларды тереңдету объективті қажеттілік болып табылады. Бұдан әрі кәсіби және тұлғалық өсу, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру педагогтарының инклюзивті және инновациялық қызметін дамыту басты назарда.

Осыған орай, Шәкәрім университеті Абай облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне арналған «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы» атты облыстық семинарды трансляциялап, озық педагогикалық тәжірибені талқылады. Семинардың мақсаты – педагогтардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру. Сонымен қатар мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын қалыптастыру. Оқыту, тәрбиелеу идеяларының ынтымақтастығын нығайту.

Семинарға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің, мектепке дейінгі ұйымдардың 100-ден астам педагогтары мен Абай облыстық білім басқармасының өкілдері қатысты. Семинар жұмысы секциялар аясында жүзеге асырылған:

1. «Маңыздысы туралы әңгімелесу: мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің шарттары мен механизмдері»;

2. «Шығармашылық шеберханасы»;

3. «Бір-бірімен кездесу,  мектепке дейінгі және бастауыш білім беру психологтары»;

4. «Мектепке дейінгі және бастауыш мектепте инклюзивті білім беруді жүзеге асыру технологиялары»;

5. «Жас педагог-практиктер семинары».

Облыстық семинардың жабылуында Шәкәрім университеті ректорының м.а. Оралканова Индира бас қосудың маңыздылығына тоқталды. Жиын соңында қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталып, қарар қабылданды.