Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі30 қараша 2022ынтымақтастық, білім алушылар, семинар-тренинг, дуалды оқыту

«ӨМІР ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» УНИВЕРСИТЕТ АРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасы және Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетінің «Химиялық технология және экология» кафедрасымен «6B11201- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша университетаралық онлайн форматта Өмір тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері» атты тақырыпта екі кафедраның оқытушылары М.М. Абдибаттаева, Базарбаева Т.А., Кабышева Ж.К., Имамова Б.Ж.ұйымдастырумен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: магистранттар мен бакалавриат арасында өмір тіршілік қауіпсіздігі саласындағы мәселелерді анықтау және оны шешу бойынша зерттеулерді ұйымдастыру, жүргізу және енгізу мотивациясын дамытуға бағытталған. Кафедралар жүргізетін өмір тіршілік қауіпсіздігі саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулердің негізгі бағыттарын көрсету; студенттерді өмір тіршілік қауіпсіздігі саласындағы оқу және ғылыми-зерттеу қызметіне дайындаудың әдістемелік тәсілдерін қарастыру; өмір тіршілігі қауіпсіздігі саласындағы қауіпсізідкті қамтамасыз ету бойынша зерттеулерді жобалау және жүзеге асыру үшін магистранттар мен бакалавриаттар дайындаудың ерекшеліктерін қарастыру болды.

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар, олардың туындауы және алдын алу шаралары, Кәсіпорындардағы еңбек және экологиялық қауіпсіздікті, өрт қауіпсіздігін  қамтамасыз ету бағытында бакалавр 1-4 курс студенттері мен магистранттар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесімен таныстырып, тәжірибелік зерттеулерімен және «Алғашқы көмек көрсетудің әдістері мен тәсілдері» бойынша тәжірибелік машықтарымен бөлісті.

Дөңгелек үстел барысында екі университеттің де студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын білдіріп, кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ойларын ортаға салып белсенділіктерін танытты. Дөңгелек стол  қызықты және нәтижелі өтті. Дөңгелек үстелдің нәтижесі бойынша «Атмосфералық ауаның ластануынан экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» Болат А., 1 курс магистранты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; «Абай облысының сел қауіпті аумақтары және сел тасқындарынан қорғауды қамтамасыз ету шаралары» Өмірбек Гауһар Дәулетқызы, 4 курс, БЖ-901 топ студенті Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеті; «Техносферадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ақпараттық технологияларды қолдану» Сәбит А. 1 курс магистранты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; «Өндірістік кәсіпорынның жазатайым оқиғалар көзі мен факторларын талдау» Ізмағанова Д. 4 курс студенті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; «Алғашқы көмек көрсетудің әдістері мен тәсілдері» Адил Асыл, Бураханова Актоты 4 курс студенті Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеті магистранттары мен студенттерінің жұмысы өзектілігі, ғылыми және тәжірибеге бағытталған жұмыстар ретінде бағаланып, ары қарай жалғастыруға ұсыныс айтылды.

Осындай университетаралық дөңгелек үстелдер білікті маман дайындауда, студенттер, магистранттар мен профессор-оқытушылар арасында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауда ынтымақтастықты арттыратыны айтылып және осындай ынтымақтастық шараларын әртүрлі форматта Қазақстанның ЖОО-мен және де алыс, жақын шет ел университеттерімен   ұйымдастырудың қажеттігі және келешекті жалғасын табады деген қорытындымен шешім қабылданды.