Гуманитарлық-экономика факультетінің Өнер және музыка кафедрасында оқу жылы жоспарына сай кафедра отырысы өткізілді. Жиын барысында кафедра меңгерушісі Бақытгүл Кабидоллақызы жаңа оқу жылы процессіндегі болып жатқан маңызды ақпараттарды кафедраның ПОҚ құрамына баяндады.
Отырыс барысында кафедраның ғылым жөніндегі жауапты жетекшісі Еркебұлан Ертісұлы кафедра әлеуетінің дамуына үлес қосу үшін кафедраны «Өнер әлеуметтану» жылы деп атауды ұсынды. «Өнер әлеуметтану» жалпы, әрі қағида түрінде алынғанымен жұмыс реттілігі бойынша екі бағыт ұстанады. Олар «Дизайн коммуникациясы» мен «Музыка экономиясы».
Өнер әлеуметтануы – өнердің әлеуметтік қызмет ету мәселелерін және өнер мен қоғамның өзара әрекеттесуінің әртүрлі формаларын зерттейтін сала. Оның эмпирикалық және теориялық бағыттары бар. Өнердің теориялық әлеуметтануы өнер мен қоғамның өзара байланысының формаларын, әлеуметтік топтар мен билік институттарының көркем шығармашылықтың даму тенденцияларына және көркемдік критерийлеріне әсерін анықтаумен айналысады. Өнердің эмпирикалық әлеуметтануы көрермендерді, олардың өнерді қабылдауын зерттейді, көркем шығармашылық процестеріне, оны қабылдауға сандық талдау жасайды.
Осы орайда кафедра прагматикалық үдеріс эмпирикалық бағытты көздеді. Сәйкесінше, кафедрадағы «Өнер әлеуметтану» жылында «Дизайн коммуникациясы» мен «Музыка экономиясы» Семей қаласындағы көркемдік шығармашылық процестердің қоғаммен байланысы зерделемек.
Кафедра ұжымына жаңа оқу жылында сәттілік тілейміз!