Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі06 мамыр 2022референдум

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.
Алдағы конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді. Ата-заңға енгізілетін өзгерістер Жаңа Қазақстанның бағыт-бағдарын айқындап береді. Бұл мақсатқа жету үшін биліктің халық үніне құлақ асып, ел пікірін ескеруі қоғам сенімін күшейтеді.
Семей халқы үшін облысымызға қазақты әлемге танытқан ұлы Абайдың есімінің берілуі зор мәртебе. Ұлы тұлғалардың рухын жаңғырту да қоғам дамуындағы өте дұрыс шешім.
Сондықтан, баршаңызды Жаңа Қазақстанды құруға, егеменді еліміздің тәуелсіздігінің тұғырлы болуы үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып жұмыла еңбектенуге шақырамыз. Келісім мен татулық келелі жетістіктерге жетелейтінін ұмытпайық.
Референдум - Жаңа Қазақстанның адамзаттық ұлы өркениетке ұмтылу жолы! Шәкәрім шаңырағы барша қазақстандықтарды референдумға қатысуға шақырады!