Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі12 желтоқсан 2022кездесу, құттықтаймыз, білім алушы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ЕРАСЫЛ БОКСТАН ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт сарайында бокстан ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Шәкәрім университетінің студенті Ерасыл Жакпеков 80 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Басқарма төрағасы Бауыржан Ердембеков студентті жеңісімен құттықтап, сәттілік тіледі.
Ерасылдың айтуынша, байрақты бәсекеге әр өңірден 216 былғары қолғап шеберлері қатысты.
«Чемпионатқа мен ұзақ дайындалдым. Мені қолдап, маған сенім артқан бапкеріме, ата-анама және университет ұжымына алғысымды білдіремін. Киелі Абай облысының даңқын одан әрі асқақтауға дайынмын. Алдыда талай жарыстар бар»,- деді жас спортшы.
Ерасыл Жакпеков - Азия елінің абсолютті чемпионы. "Кубок странджа" халықаралық турнирінде жоғары деңгейде өнер көрсеткен спортшы.