Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі02 қыркүйек 2022кездесу, университет басшысы

РЕКТОР БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ

Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек.Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы» деген. 

Бүгін "Білімді жастар - болашаққа бастар жол!" апталық бағдарламасы аясында Студенттік Парламенттің бастамасымен білім  алушылар жастарға арналған университет ректоры Бауыржан Ердембековтің "Шәкәрім ғұмырнамасы" дәрісі өтті.

Қажетсіз ақпарат талайды шатастырған қазіргі әлемде нақтылық - ықпалды күш. Білім мен ақыл-ой түптің-түбінде қандай ұшпаққа шығады. Бүгінгі таңда қандай мамандықтар басым болады, болашақта қандай мамандықтар мүлдем болмайды!? Міне осы сұрақтар төңірегінде лектор әңгіме өрбіді.

Ректор дәрісінде интеллектуалды ұлт қалыптастыру мәселесін де көтерді. Өз сөзінде: "Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы.  Интеллектуалды ұлт құрудағы негізгі қозғаушы күш – жастар. Бүгінде интеллектуалды ұлт қалыптастырудың негізгі іргетасы ақпарат заманындағы өзіне қажетті дүниеге тез қол жеткізе алатын, коммуникативті, тапқыр жастар екені белгілі. Шетелде  әсіресе, дамыған елдерде білім-ғылым мен руханияттан ақшаны аямайды. Ең көп қаржы бөлінетін сала да – осылар. Сондықтан дамып, өскіміз келсе, ақыл-ой, интеллектіге көп көңіл бөлуіміз керек. Жастарымыз кітап оқуды әдетке айналдыруы тиіс",– деді.

Басқосуда жастар рухани құндылық тақырыбының қозғалуына себеп болды. Қазіргі таңда оқыту үдерісінде білім алушыларға рухани құндылықтарды дарыта отырып, тәрбие беру педагогиканың абзал міндеті екендігін тілге тиек етіп, білім ордасының басты миссиясына тоқталды. 

Дәріске қатысушы жастар дін, салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар, қазақ кредосы, абайтану, шәкәрімтану тақырыптары бойынша терең білім алып қайтты.